Елімізде келер жылдан бастап учаскелік инпекторлардың құзыреті кеңейіп, мәртебесі көтеріледі. Сәйкесінше тәртіп сақшыларына деген жауапкершілік те артатыны сөзсіз. Бұл ретте Солтүстік қазақстандық тәртіп сақшылары қызметті абыроймен атқаруға дайын. Олар халықпен тығыз байланыста болуы үшін әлеуметтік желінің көмегімен жаңа жобаны жүзеге асырмақ.
- База, база. Ответ первому. Как принял?
Руслан Бекболатов кезекті шенін мерзімінен бұрын алды. Қызметін ауылды жерде атқарып жүрген маман жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайды. 9 айдың қорытындысы бойынша округте жасалған қылмыс саны алдыңғы жылдарға қарағанда 70 процентке дейін қысқарған.
РУСЛАН БЕКБОЛАТОВ, УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:
- Төрт қылмыс болды, сельский округта. Төртеуін де өзім аштым, халық арқылы. Өзім халықпен жұмыс істеймін. Халықтар көмектеседі. СКЛ 02-15 Түнде өзім де жүрем. Жазып жүрем, қандай автокөлік жүрді түнде, қай уақытта. Қандай кісі жүрді.
Ия, ауыл не қала болсын учаскелік полицейлер ең бастысы қоғаммен тікелей байланыс орнатуға мүдделі. Сонда ғана нәтиже болады. Оның үстіне бұл сала уақыт өткен сайын цифрлық технологияға көшуде.
ЖАСЛАН КӘКІШЕВ, УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:
- Халықтың мәселелеріне бірінші болып учаскелік инспекторлар араласады. Біздің жұмысымыздың қорытындысы бойынша полицияға баға беріледі. Сондықтан, біз қызметті абыроймен атқаруға тиіспіз. Ол үшін барлық жағдай жасалып жатыр.
Құқық қорғау жүйесін реформалау осы саладағы қордаланған мәселерді анықтап, оны шешуге мүмкіндік береді. Бұл ретте солтүстік қазақстанда тағы бір жоба қолға алынды.
АЛЕКСАНДР РОЗБАХ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бұрын учаскелік инспектор визиткасын жасап, оны халыққа тарататын. Енді елімізде алғаш болып біздің өңірде онлайн жоба жүзеге асырылуда. Яғни біздің қызметкерлер өзі жайлы ақпаратты ПИК төрағасына жібереді. Ал ол өз кезегінде оны әлеуметтік желілердің көмегімен тұрғындарға жолдайды. Бұл біздің жұмысты айтарлықтай жақсартады деген ойданымз.
Жалпы бүгінгі күні өңірде 289 учаскелік полиция инспекторы бар. Оның 88-і қалада, қалғандары ауылды жерлерде қызмет атқарады.