«Жасыл кеңсе» республикалық байқауы бойынша  солтүстікқазақстандықтарға арналған тренинг өтті. Екінші рет ұйымдастырылып жатқан іс-шараның басты мақсаты - жасыл технологияларды насихаттау, үнемдеуге шақыру және табиғатқа жанашырлық танытқандарды насихаттау.  

Табиғатқа деген көзқарасты өзгерту арқылы қазіргі экологиялық мәселелерді шешуге болады. «Жасыл кеңсе» - бұл қалдықтарды азайту және ресурстарды үнемдеу қағидасына негізделген. Осылайша кәсіпорын басшысы өзінің шығындарын оңтайландырмақ. Бүгінгі тренингке қатысып жатқандардың бірі - энергияны үнемдейтін жылу жүйесін сататын жергілікті компания. Мекеме директоры Андрей Гирицанның сөзінше қазіргі таңда мұндай жүйемен біздің өңірде тек 5 нысан қамтамасыз етілген. Ғимаратты жылытудың мұндай әдісі бізге көрші Ресей мемлекетінен келген. Оның көмегімен сіз еш бір жылу көзіне қосылмай бөлмеде +22-24 градусты сақтап тұра аласыз.

АНДРЕЙ ГИРИЦАН, КӘСІПКЕР:

- Біздің жобамыз энергия үнемдейтін электр жүйесі болып табылады. Арнайы қабықша төбеге орнатылып, жел және күннің көзінің арқасында бөлмедегі қабырғалар мен еденді жылытады. Бұл жүйе автоматтандырылған, ауаны құрғатпайды және адам денсаулығына кері әсер етпейді. Бұны нарыққа сатуға қоймас бұрын өзіміздің кеңсемізде қолданып, тексеріп көрдік. Қазіргі таңда өкінішке орай оны тек Солтүстікте және Нұр-Сұлтан қалаларында ғана қолдануда.

Жаңа технология 10 жыл қатарынан еш қиындықсыз жұмыс істейді.Соған қарамастан, сұраныс аз. Ал «Жасыл кеңсе» республикалық байқауы оған өз өніміне жарнама жасауға мүмкіндік бермек. Жалпы бұл шара екінші жыл қатарынан өткізілуде. Ұйымдастырушылардың сөзінше былтыр өңірдің азаматтары өте белсенді болған.

АСХАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ G-GLOBAL КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

-  Былтырғы жылы өте үлкен қызығушылық болды. 70-ке жуық өтініш келіп түсті. Солардың ішінде біз 30-ын жеңімпаз ретінде таңдадық. Күрделі талаптар қойған жоқпыз. Оның ішінде 3-і СҚо.Гуманитарлық колледж, Севказэнерго және электр желілер ұйымы. Олардың барлығы марапатталды.

Жасыл кеңсе әлеуметтік жобасы  ресурстарды үнемдейтін, түрлі қалдықтарды қайта өндеуге, экологиялық жауапты компаниялар қоғамдастығын қалыптастыруға жәрдемдесуге арналған. Бұл байқауға өзінің жұмыс орнында кез-келген экологиялық технологияны қолданатын мекеме қатыса алады. 

АСХАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ G-GLOBAL КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Әрбір кеңседе электрқуатын, суды қолданады. Қатты қалдықтар бар тұрмыстық. Осы мәселелер бүгінгі күн тәртібінде өте маңызды. Бізде 10 номинация бар. Солардың ішінде мейрамханалар мен қонақүйлер. Әрбір мейрамханының қалдықтары болады тамақтан. Сол нәрісені өздері жинап, тапсырса өзіне пайда, қаражатқа тапсыруға болады. Және қоршаған ортаға әкелген пайдасы болады.

Республикалық байқаудың қорытындысы қазан айында шығады. Жеңімпаздар арнайы жасыл кеңсе белгілерімен марапатталады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК