Биыл Есіл ауданының диқандары 286 мың гектар жерге дәнді және майлы дақылдарды еккен болатын. Бүгінде оның 55 пайызы орылып, 36 пайызы бастырылды. Орта есеппен алғанда аудан бойынша гектар берекелігі 16 центнерден асып жатыр.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов алқап басында болып, аудандағы орақ науқанымен танысты. Қазіргі уақытта «Агро-Профьюшн СБ» серіктестігі бидайды бастыруда. Шаруашылық қарамағында 4 мың гектарға жуық жері бар. Аймақ жетекшісі Есіл ауданы Петровка ауылындағы «Фрегат ВВ» серіктестігінің де алқаптарыын аралады. Диқандармен тілдесіп, әлуеметтік маңызы бар нысандардың құрылысын жүргізу қажеттігін айтты.

Бүгінде Есіл ауданында 86 серіктестік пен 140 шаруа және фермерлік қожалықтар жұмыс істеп келеді. Диқандар орақ науқанына білек сыбана кіріскен. Биылдың өзінде аудан бойыншы алқап басында 460 комбайн жұмыс істеп жатыр. Оның 4-уі жергілікті «Қазтехмаш» зауытында құрастырылған «Сампо Азия» комбайндары. Солтүстікқазақстандық техника жоғары сұранысқа ие. «Қантемір – Агро» серіктестігінде  осындай 2 комбайн бар. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов аграрийлермен тілдесіп, сұрақтарына жауап берді. Негізінен диқандар кадр мәселесі жөнінде сауалдар жолдады. Өз кезегінде Ерік Сұлтанов жастарды еңбек тарту үшін оларға жағдай жасау қажеттігін айтты.

Аймақ басшысы Жамбыл ауданындағы Троицк ауылдық округінде дәнді және майлы дақылдарды бастырып жүрген диқандармен тілдесті. Бұл селолық округте 2 шаруашылық орақ науқанында жұмыс істеуде. «Идея Групп Север» серіктестігі бүгінде дәнді дақылдардың 60 пайызын орып үлгерді. Жоспарда гектарынан 20 центнер өнім алу бар. Ал, «Фирма Мак» серіктестігі 5 мыңнан астам гектар жерге дақыл еккен. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов бидай қабылдау пунктіне барып, жұмыстармен танысты. Серіктестік басшысы Ғали Құсайыновтың айтуынша, биыл жақсы өнім күтілуде. Ең бастысы жауын-шашындар басталмас бұрын дер кезінде орақ науқанын аяқтау. Дегенмен, бір мәселе диқанды алаңдатып отыр.

«Фирма Мак» серіктестігі бидайды толық бастырып үлгерді. Қазіргі уақытта зығыр орылуда. Танап басында облыс әкімі аграрийлермен тілдесіп, алынған өнімнің сапасы жайында білді.

Ерік Сұлтанов Мамлют ауданына қарасты егістік алқаптарында да болды. Ең алдымен өңір жетекшісі «Мамбетов и К» командиттік серіктестігінің орақ науқанымен танысты. Еркебұлан Мәмбетов 30 мың гектар жерге дәнді және майлы дақылдарды екті. Әзірге, бидайдың гектар берекелігі 20 центнердің маңайында. Жоспарда бұл көрсеткішті өсіру бар. Мұнда Ерік Сұлтанов «Қызыласкер», «Новомихайловское 2003» серіктестік басшыларымен де тілдесті. Кейін аймақ басшысы «Мәмбетов и К» командиттік серіктестігінің шағын элеваторына соқты. Бұл нысан 6 мың тонна астық қабылдау қауқары бар. Сондай-ақ, бидай кептіру кешені де дайын тұр. Сағатына қондырғы 60 тонна бидайды кептіре алады. Қазірдің өзінде командиттік серіктестік егіннің 45 пайызын бастырып үлгерді. Жалпы Мамлют ауданы бойынша 164 мың гектар жерге астық егілді. Бүгінде оның 53 пайызы құлатылып, 40 пайызы бастырылды. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында «Становое-Новомихайловское-раздольное» тас жолының жайғдайымен танысты. Бүгінде облыстық маңыздағы трассаның құрылысы жүргізілуде. Өңір басшысы тас жолдың тең жартысын биыл қолданысқа беру қажеттігін айтты. Белое ауылдық округіне қарасты алқаптарда орақ науқанын «кулик» серіктестігі жүргізіп жатыр. Шаруашылықта  47 адам жұмысқа жұмылдырылған. Орташа жалақы 76 мың теңге шамасында. Серіктестік егін шаруашылығымен қатар, мал өсірумен айналысады. Орақ науқанына барлығы 30 бірлік техника қолданылып келеді. Облыс әкімі аялдаған келесі нысан Чистое ауылы. Көктемде көлдің арнасынан шығуына байланысты Елді-мекеннің 7 үйін су басқан еді. Биыл облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2,2 млн теңге бөлінді. 7 отбасыға материалдық көмек көрсетілді. Бүгінде бұл отбасылардың 3-уі қалаға қоныс аударды.

Бүгінде Чистое ауылында 61 үй бар. Оның басым бөлігін зейнеткерлер мен жалғыз басты аналар қоныстанған. Сондай-ақ, серіктестікте жұмысы барлар тұрады.  Облыс әкімі тұрғындармен кездесіп, жағдайларын білді.

Аманжол НҰРТАЗИН