Астана қаласы «Жастар» сарайының сахнасында «Алтын Бесік» балабақшасының бүлдіршіндері барша солтүстікқазақстандықтардың намысын қорғап келді. 24 баладан құралған топ, Би, вокал және көркем сөз - үш номинация бойынша сайысқа түсіп,   3 бірінші орын және бір екінші орынды қанжығаларына байлады. Сайысқа балғындар бір айға жуық дайындалған, бұл жеңісімізді тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнаймыз дейді балабақша басшылығы.

Көркем сөз номинациясында София Ротелберг мен Алдияр Нұрмолдин, Халық биі номинациясында «Еркетай» ансамблі,   және жеке ән айту номинациясында Айша Амантай   мен  Елдана Біржан 1 орынға қол жеткізді. «Дождик» әнін орындаған 5 жасар Айша қазылар алқасын бірден баурап алып, үздік деп танылды. Бұл жеңісімді тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаймын дейді балғын.

Балғындардың мұндай жетістікке жетуіне ата-аналар қауымы да зор үлес қосты. Сайысқа баруға мүмкіндік тауып, балғындардың жандарында болды. Бұл барлығымыздың жетістігіміз. Балалардың  дарындылығын дамытуда үлкен жұмыс  атқарып жатқан балабақшамызға зор алғысымызды білдіреміз дейді ата-аналар.

Мерекелік кеш соңында жеңімпаз балғындар балабақша ұжымы және ата—аналар қауымының алдында өнер көрсетті. Үздік деп танылған 24 бала арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

 

Тоқтар ҒАЛЫМ