Жарысқа мүмкіндігі шектеулі 30 жасөспірім қатысты. Оларды қолдап, жеңіске деген рух беру үшін ата-аналары да келді. Шараға қатысушылар үшін нұсқаушылар бір жарым сағаттық сауықтыру бағдарламасын әзірледі. Бір айта кететіні, балалардың көбі мұнда алғаш келіп отырған жоқ.
Шараның басты мақсаты: отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, балалардың шымырлығын шыңдау және оларды моральдық тұрғыда дамыту. Марина Емельянованың жүзумен айналысып жүргеніне 2 жыл болған. Осы жолғы сайысқа анасы Натальямен бірге келіпті.
Жарыс қорытындысы бойынша сайыскерлер диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Әсел ОРАЗБАЕВА