2013-2014 жылдар облыс диқандары үшін ауыр тиді. Бұл кездері бидай кептіру орындары болмаған шаруашылықтар астықты шет жерге тасуға мәжбүр еді. Бұл әрине, аграрийлердің қалтасын біраз қақты. Биыл «Родичи» серіктестігі өз қаражаттарына бидай кептіру кешенін орнатты. Оның жалпы құны 140 млн теңге.

«Петкус» фирмасының қондырғылары сағатына 30 тонна бидай кептіруге қауқары бар. Екі цистерналы бөшкелерден тұратын кешеннің сыйымдылығы жалпы 350 тонна болып отыр.

Бидай кептіру кешеніне   ылғалдылығы жоғары дәндідақылдар жеткізілмек. Мұнда жоспар бойынша 4 маман еңбек  ететін болады.

Аманжол НҰРТАЗИН