Радуга ЖШС –нің 2 бірдей жобасы индустрияландыру картасына еніпті. Біріншісі полиэтелен құбырларының өндірісі болса екіншісі Петропавлда жүгері қауызы мен тез дайындалатын құрғақ таңғы астарды шығаратын кәсіпорын ашу. Осы нысандарға құйылатын инвестиция көлемі 205-млн теңгеден асады.
Өңір жетекшісі барған келесі нысан- «Фирма Леонтьев» ЖШС-нің балғындарға арнап тұрғызып жатқан ойын-сауықтыру кешені болды. «Тайга» сауда орнының жоғарғы қабатында орналасатын ойын алаңына қазір аттракциондар әкелініп, монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ерік Сұлтанов «Таткрафт Инвест» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Семейный» сауда ойын-сауық кешенінде де болды. Сауда саттық орындарынан өзге мұнда балаларға арналған ойын орталығы ашылмақ. Ал қалған аумақ мейрамханалар мен жалға беруге арналыпты. Бұл бұрынғы Киров зауытының ғимараты, кәсіпкер оны қазір қайта қалпына келтіріп жатыр. 3 қабатты нысанда балалар алаңы мен дәмхана, заманауи сауда кешені болады. Өңір жетекшісі аялдаған соңғы нысан - «Қызылжар» тұрғын үй кешені болды. 176 пәтерлік баспанада қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Айта кеткен жөн индустрияландыру картасының екінші 5-жылдығына өңірден құны 20 млрд теңгені құрайтын 39 жоба енгізілген.
Назерке Тұрсынова