Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ӨҢІРДІҢ мүдделі ведомстволарымен бірге жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап рейдтік іс-шараларын жандандырды. Аңшылардың назарына. 1  қаңтардан бастап Сібір елігі, марал, қабан, бұлан сияқты тұяқты аңдарға аңшылық құруға тыйым салынады. Ал түлкі, қоян, қарсақ пен ондатрларға аңшылыққа шығу 15 ақпанға дейін рұқсат етілген. 

Мағжан Жұмабаев ауданының Новый Быт ауылының маныңда Петропавл қаласының 1983 жылы туған тұрғыны ұсталды. Оның  «Land Cruiser» автокөлігін тексеру барысында 5,6 мм. калибрлі ТОЗ-78-01 аңшы мылтығы, оқ-дәрілер, пышақ пен мүшеленген аң еті табылды.

- Что за мясо у вас? Баранина! – Баранина?  Купили? Или, где взяли ее? 

Аталмыш факті ҚР ҚК 337-бабы «Заңсыз аң аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тәркіленген ет сараптамаға жіберіліп, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

САМИР РАХМАТУЛЛИН, СҚО ПД ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПОЛИЦИЯСЫ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Көлік ішінен мүшеленген аң еті табылды.  Ұсталған жігіт оның қой еті екендігін айтып ақталмақ болды. Көліктің ішін қарау кезінде ТОЗ маркалы аңшы мылтығы мен аңшы пышақтары да табылды. «Заңсыз аң аулау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Тәртіп сақшылары облыстың аңшыларын ескертеді. Өңірде аң аулау маусымы соңына жетуге жақын. Сібір елігі, марал, қабан, бұлан сияқты тұяқты аңдарға аңшылық құру 1 қаңтардан бастап тыйым салынады. Ал түлкі, қоян, қарсақ, ондатрларды аулауға 15 ақпанға дейін рұқсат етілген.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ