20 маусымнан бастап Kozybaev University-де болашақ студенттер үшін қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде аталған университеттің мамандары хабарлады. Университетке қалай түсуге болады? Биыл қанша грант бөлінді? .

Мамандардың айтуынша, 2025–2026 оқу жылында еліміз бойынша жоғары білім алуға 79 000-нан астам білім гранты бөлінетіні белгілі болды. Осы орайда Kozybaev University-де қос дипломды бағдарламалар бойынша 200 грант, сондай-ақ Аризона университетімен бірлескен білім беру бағдарламалары аясында тағы 200 грант бөлінген. Бұдан бөлек, «Серпін» бағдарламасы мен педагогикалық бағытқа да арнайы гранттар қарастырылған.

СНХР: ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ РЕКРУТИНГ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


 Студенттерді жатақханамен қамту – қазіргі таңда маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай, мамандар оқуға түскен жастарға студенттер үйінен орын берілетінін жеткізді.

СНХР: ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ РЕКРУТИНГ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Айта кету керек, қабылдау комиссиясы 20 маусымнан бастап өз жұмысын бастап кетті. Ол Пушкин көшесі, 86Б мекенжайындағы оқу корпусының бірінде орналасқан.