Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында азаматтарды қабылдау іс- шарасы басталды. Прокуратура органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу департаменті және полиция қызметкерлерінен құралған мобильді топ түрлі сауда орындары мен орталықтарда тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
“Заң мен тәртіп” қағидасы аясында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау іс-шарасы 1 аптаға созылады.
СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс- шара барысында азаматтардың өтініштері қабылданып, қойылған сұрақтар бойынша кеңес беріледі. Сонымен қатар, алдын- алу жұмыстары жүргізіледі.
СНХ: АЛМАС АСАЙЫНОВ, СҚО ПРОКУРАТУРА АППАРАТЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
Іс-шара жүйеге деген сенімді нығайтуға, құқықтық нормаларды түсіндіруге және халық пен билік өкілдері арасындағы тікелей диалогты орнатуға бағытталған. Акция облыстың барлық аудан орталықтарында және Петропавл қаласында өтеді.