Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында облыстық прокуратура және «Qyzyljar» телеарнасының қызметкерлері арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті. Журналистер мен прокурорлар “Береке” спорт кешенінде бас қосып, спорттық сайыстан өзара бақ сынады.

Жарыс барысында облыс прокурорының орынбасары Александр Трикачев қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, БАҚ қызметкерлеріне ерекше ықыласын білдіріп, мерекемен құтықтады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай кездесулер – қатысушыларға өздерін жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді.

СХРН: РАЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, "ҚАЗАҚСТАН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Волейбол жарысы басталмастан бұрын бірқатар журналист кәсіби шеберлігі, объективтілігі және өңірдің ақпараттық кеңістігін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Одан соң – нағыз бәсекеге толы ойын басталды.

СХРН: АЛМАС АСАИНОВ - СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ.


Жолдастық кездесу керемет атмосферада өтті. Әр кезең тартысқа толы болып, қатысушылардың ерік-жігерін шыңдай түсті. Ойын қорытындысы бойынша, облыстық прокуратура қызметкерлері бірінші орынға ие болды.

Ойын соңында барлық қатысуышылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ең маңыздысы – бұл спорттық іс- шара бұқаралық ақпарат құралдары мен прокуратура органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп, достық қарым-қатынастың нығая түсуіне жаңаша серпін берді.