Петропавлдағы БЭСТ гимназиясының оқушылары COVID 19  қарсы екпе алды.  Бір күнде Pfizer вакцинасы мұнда  12 жасөспірімге қойылды.  Естеріңізге сала кетейік, облыста балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге короновирусқа қарсы екпе егіліп жатыр.   

БЭСТ гимназиясының жоғары сынып оқушылары ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өз үлесін қосты. Бір айта кететіні, басым бөлігі бұл шешімді өз еркімен қабылдап,  ата-анасының қолдауына ие болды. 

- Екпе алу шешімін өзім қабылдап, ата-анама айттым. Олар менің барлық басмаларымды қолдайды. Осы жолы да рұқсатын берді. Қазір 11 сыныпта оқимын. Алға қойған мақсаттарым көп. Инфекцияны жұқтырып үйде қамалып, тығылып отырғым келмейді.

- Отбасы мүшелерінің бәрі екпе алған. Анам денсаулығым үшін алаңдайды. Сондықтан     Pfizer вакцинасы қолжетімді болған соң, мүмкіндікті жіберіп алмауға тырыстық. Қойған кезде мүлдем ауырған жоқ. Өзімді жақсы сезінемін.

Әмір Ысқақовтың жасы 14-те, Бэст гимназиясының 9 сыныбында оқиды.  Екпе алуға ниеттенген ұлын қолдау үшін ата-анасы мектепке келді.   Әкесі Марат Ысқақовтың айтуынша, өңірге Pfizer вакцинасының келуін олар көптен бері күтіп жүрген.

МАРАТ ЫСҚАҚОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Әмірге екпе салу мәселесін отбасылық кеңесте талқылап, ортақ шешімге келдік. Бұған дейін отбасы мүшелері түгел вакцинациядан өтен. Кіші ұлымыздың жасы кәмелетке толмаған соң, арнайы вакцинаны күттік. Өзінің денсаулығына керек қой. Короновирус деген қауіпті дерт.        

Вирусқа қарсы екпені елімізде 12 жастан асқан балалар ала алады. Ол үшін ата-ананың рұқсаты керек, әрі олардың қатысуымен қойылады.