Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай 50 солтүстікқазақстандық оқушы Астанаға экскурсияға барды. Олар 3 күннің ішінде Сарыарқаның төрінде бой көтерген әсем қаланың барлық көрікті жерлерімен танысты. Оның ішінде Думан ойын-сауық орталығын, ЭКСПО қалашығы мен Назарбаев орталығы және өзге де мұражайлар бар. 

Саяхат  ЭКСПО қалашығынан басталды. Оқушылар  бірден 2017 жылы Елордада өткен халықаралық көрме үшін арнайы салынған «Нұр әлем» ұлттық павильонына барды. 8 қабатты түгел аралап шыққан балаларға,  энергияның негізгі түрлері ұсынылған: ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика туралы айтылды. Әсіресе 3-ші қабатта орналасқан Энергия дөңгелегі жас саяхатшыларға ерекше ұнады. Тақырыбы - «Кинетикалық энергия». Ол жерде қозғалыстың арқасында қуат көздерінің қалай өндірілетінін көруге болады. Мәселен, «Энергия дөңгелегі» деген экпозицияда екі акробат бір алып конструкцияны айналдырып, қуат өндіреді. Бейне бір циркте жүргендей әсер аласың.

Оқушылар Елордадағы бірқатар музейлерді де аралады. Алғашқысы - Тұңғыш Президентке арналып ашылған  Назарбаев орталығы. Оны британдық архитектор Норман Фостер салған. Жалпы Елордадағы алдыңғы қатарлы нысандардың біразын  шет елдік архитектор тұрғызыпты. 9 қабатты ғимарат көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту орталығы болып табылады. Мұнда  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке заттарын көру қызықты болды. Мысалы, мұражайда Нұрсұлтан Назарбаевтың инагурация кездерінде киген костюмдері тұр.Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасының Президентіне  шет мемлекет басшылары мен басқа ел  өкілдерінің сыйға тартқан тартуларының галереясы орналасқан.  Оқушылар бас қаладағы алланың үйі Хазрет Сұлтан мешітіне де  барды. Мешіт 2012 жылы дәл Астана күнінде, яғни 6 шілдеде салтанатты түрде ашылыпты. Оның ашылуына Елбасының өзі қатысқан. Ол Қазақстандағы ең үлкен күмбезді мешіт болып саналады.

- Біз ЭКСПО Нұр әлемде, ұлттық мұражайда болдық. Маған Экспо Нұр әлем қатты ұнады. Ата-анаммен тағы да келсем деп ойлаймын. Астана шынымен де әсем қала, ұлкен қала.

- Астана  Қазақстандағы ең әсем қала деп айтуға болады. Біз біраз жерлерде болдық. Оқушыларды экскурсияға әкелу, ол мемлекет тарапынан бөлініп жатқан үлкен үлес деп айтуға болады. Бұл бізді жаңа жеңістерге жетелейді, жастрағ жаңа мүмкіндіктер ашады. Экспоны көрсем деген ойым жүзеге асты.Себебі ол Қаақстанның басты мақтанышына айналды.

Солтүстік Қазақстаннан барған 50 баланың ішінде аудандардан  келген ұл-қыздар   да болды. Олар үшін арнайы саяхаттау бағдарламасы құрастырылды.

ЕРКІН ТҰРҒАНАЛИЕВ, ГИД:

- Астана елімнің ордасы деген проектісі.Балаларды тек қана музейге апара берсек те ол қызық емес.  Сондықтан оның арасында қызықты қылып, музейден басқа  ойын-сауық орталықтарына барамыз. Силк уейға барамыз, батутный конгоға. Думанға барамыз  , қазір ол Айлэенд.ішінде шолу шеңбері, океанариум бар.Және де Джинуглиға кіреміз.

Астананың 20 жылдығына арналған оқушылар экскурсиясы танымдық негізде өтті. Мұндай саяхат  әр өңірдің балалары үшін ұйымдастырылуда.

 Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Астана, экскурсия, саяхат