Студенттер арасында жайдарман лигасы өтті
Петропавлда студенттер арасында Жайдарман лигасы ұйымдастырылды. Сайысқа бес колледж бен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің командалары қатысты. Жоба жастардың шығармашылығын қолдап, өңірдегі Жайдарман қозғалысын дамытуға бағытталған.
Алты команда әзіл мен тапқырлықтарын ортаға салып, өзара бақ сынады. Ойын негізінен орыс тілінде өтті, алайда қатысушылар арасында университет атынан өнер көрсеткен қазақтілді команда да бар. Олар бұл жолы алғаш рет орыс тілінде өнер көрсетіп, өздерін жаңа форматта сынап көрді.
НҰРБОЛ СЕКСЕНБАЕВ, ҚАТЫСУШЫ:
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның алғашқы кезеңі. Ойын барысында ұсынылған әзілдер де осы қағидатқа сай әзірленіп, заңға құрмет пен тәртіпті сақтау тақырыптарын қамтыды.
ЖАНАТ КӘКІМОВ, «БОЛАШАҚ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ӨКІЛІ:
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 225 мың теңге. Бірінші орын иегеріне 100 мың теңге, екінші орынға 75 мың теңге, ал үшінші орынға 50 мың теңге табысталады.