25 қазан – Республика күні
Республика күніне орай облыс орталығының Ойқала ықшам ауданында шағын футболға арналған жаңа модульді спорт алаңы ашылды. Енді Петропавлдан елге танымал футзалшылар шықпақ. Нысанның ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Нысан "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қолдауымен салынды. Аталған ұйым біраздан беру өңірдегі денсаулық сақтау, мәдениет, білім және дене шынықтыру салаларына үлкен қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, бұл - қордың көмегімен тапсырылған 6-шы спорт алаңы.
ЛӘЗЗАТ ШЫҢҒЫСБАЕВА, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрайымы:
Ашылу салтанатына футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, бразилиялық маман Рикардо Какау да қатысты. Жаттықтырушы болашағынан зор үміт күттіретін балаларға ұлттық құраманың қолтаңбасы бар форма сыйлап, бірге доп тепті.
Облыста футзалға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл жеке инвестиция есебінен "Қызылжар" кәсіби клубы ашылды. Ендігі міндеттің бірі - жас буынды даярлау. Өңірде осыған айрықша көңіл бөлінбек.
НҰРЛЫБЕК АЙКЕШОВ, "Қызылжар" футзал клубының директоры:
Мүмкіндік бар, тек жақсы жаттығып, атой салу ғана қалды. Бұған елордадан арнайы келген Қазақстан кәсіпқой футзал лигасының президенті Талғат Қосмұхамбетов тілектес.
ТАЛҒАТ ҚОСМҰХАМБЕТОВ, Қазақстан кәсіпқой футзал лигасының президенті:
Спорт алаңының ұзындығы - 40, ал ені - 20 метр. Ішінде 30-дан астам адам жаттыға алады. Балаларға да, ересектерге де шеберлік шыңдауға болады. Қажеттінің бәрімен қамтылған. Нысанды салу үшін қордан шамамен 200 млн теңге қаражат жұмсалыпты.
ҚАРЛЫҒАШ РАМАЗАНОВА, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
11 жастағы Максим Зеленский футболмен 4 жыл айналысып келеді. Алаң жас спортшының көңілінен шықты. Ол мұнда достарымен жиі келіп, жаттыуға жасамақ.
МАКСИМ ЗЕЛЕНСКИЙ, "Қызылжар" БЖСМ тәрбиеленушісі:
Мемлекет басшысы атап өткендей, спортпен шұғылдану – жарқын болашақтың кепілі. Солтүстік Қазақстан облысында бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тек биылдың өзінде өңірде 52 футбол алаңы салынды.