Негізгі Жаңалықтар «Әскер аналар көзімен»

«Әскер аналар көзімен»

Әскери қызметтің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың тұрмыс жағдайын өз көздерімен көріп, командирлермен жүздесу. Солтүстік Қазақстан облысында төртінші жыл қатарынан «Әскер аналар көзімен» жобасы жүзеге асырылып келеді. Акция аясында ата-аналар мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген ұлдарының әскери бөліміне барып, сарбаздардың күнделікті өмірімен танысады. Басты мақсат – әскер мен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, әскери қызмет жағдайларының ата-аналар үшін ашық екенін көрсету.

Жоба ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Қатысушылар алғашқы күні өңірге келіп, келесі күні әскери бөлімге барады. Ата-аналарға арнайы экскурсия ұйымдастырылып, сарбаздардың тұрмыс жағдайы, тамақтануы мен күн тәртібі таныстырылады. Ал акцияның ең әсерлі сәті – сарбаздардың аналарымен күтпеген жерден жүздесуі. Бұл кездесу ата-аналардың көңіліне қуаныш ұялатары сөзсіз. Сондай-ақ ұлдарының тиісті жағдайда қызмет етіп жүргеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба аясында осы уақытқа дейін қатысушылар Қарағанды және Қостанай облыстарындағы, сондай-ақ Астана қаласындағы әскери бөлімдерде болған. Алдағы уақытта қатысушылар баратын әскери бөлімдердің санын арттыру көзделіп отыр.

СНХР: ТИМУР ӘЛЖАНОВ – СҚО БОЙЫНША «ӘСКЕР АНАЛАР КӨЗІМЕН» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бөлісу