Негізгі Жаңалықтар 25 қазан – Республика күні

25 қазан – Республика күні

Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр. Есіл ауданының Қараағаш ауылында да жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Мереке Мұхамедияров, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

 Жаңа өрт сөндіру бекеті Заречный ауылдық округіне қарасты Қараағаш ауылында орналасқан. Бұл – елді мекендегі алғашқы өрт сөндіру бекеті. Жоба «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында іске қосылды. Жаңа өрт сөндіру нысанының ашылуына жергілікті тұрғын, «ГАЙСА» ЖШС директоры Біржан Ғайсин демеушілік қолдау көрсетті. Ауыл тұрғындары бұл нысанның ашылуын көптен күткен.

СНХР: АРМАН АБУЛҒАЗИН, ЗАРЕЧНЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: 

Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі жаңа бекеттің ауыл тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтті. Өрт сөндірушілердің жақын жерде кезекшілік атқаруы өрт шыққан жағдайда оқиға орнына уақытылы жетуге көмектеседі. 

МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

 Бекетте екі өрт сөндіруші маман мен жүргізуші қызмет атқарады. Олар Қараағаш, Алқа және Гурьяновка ауылдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ашылу рәсімі барысында арнайы оқудан өткен мамандарға сертификаттар табысталды.

Жиын мерекелік концертке ұласып, ауыл тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Көптен күткен нысанның ашылуына жиналған жұртшылық қуанышқа ортақтасып, игі бастаманың куәсі болды. Сондай ақ, ауыл тұрғындары көптен күткен нысанның ашылғанына қуанышты екенін жеткізді. 

 Айта кетейік, Қараағаш ауылында бүгінде 150-ге жуық адам тұрады. Соңғы бес жылда мұнда 14 отбасы қоныс аударған.

 

Бөлісу