Негізгі Жаңалықтар Kozybayev University-де ашық диалог өтті

Kozybayev University-де ашық диалог өтті

Kozybayev University-де «Біз қалыптастыратын сенім» атты ашық диалог өтті. Кездесу академик Манаш Қозыбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Жиында университеттің 2025–2026 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары, басқару жүйесі және алдағы даму бағыттары талқыланды.

 Алдымен қатысушылар университет зертханаларына экскурсия жасап, ғылыми жұмыстармен танысты. Жақында мұнда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында Экохаб ашылған болатын. Мұнда студенттер пластикті қайта өңдеп, қайталама шикізаттан түрлі бұйымдар жасап, экологиялық жобалар әзірлей алады.

Бұл — Директорлар кеңесінің мүшелерімен өтетін ашық диалогтың екінші жылы. Кездесу барысында университетті басқарудағы ашықтық, қабылданатын шешімдердің түсініктілігі және тәуелсіз бақылау тетіктері сөз болды. Сондай-ақ оқу орнының өңір экономикасына қосатын үлесі, кәсіпорындарға қажетті мамандар даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері қаралды. Қатысушылар Директорлар кеңесінің мүшелеріне сұрақ қойып, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.

СНХР: ҒАЛЫМ БАЙТОҚ — ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Университеттің даму көрсеткіштері де назардан тыс қалмады. Қазір мұнда 8 мыңнан астам студент білім алады. Түлектердің 91 пайызы жұмысқа орналасқан. Ал ғылымды қаржыландыру көлемі 2024 жылғы 348 миллион теңгеден 2025 жылы 1 миллиард 310 миллион теңгеге дейін өскен. Сонымен қатар, іс-шара соңында Республика күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында университеттің жаңа оқу-зертханалық корпусы жанынан арнайы аллея ашылды. «Еуразиялық банк» АҚ-ның демеушілік қолдауымен жасалған жасыл аймаққа 120 ағаш пен бұта отырғызылған. Бұл бастама университет кампусын көгалдандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу