Негізгі Жаңалықтар Солтүстік Қазақстанда IQanat олимпиадасы басталды

Солтүстік Қазақстанда IQanat олимпиадасы басталды

Білімге құштар ауыл балаларының бағын сынап, болашағына жол ашатын IQanat олимпиадасы басталды. 2026 жылғы 23–30 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысынан 2200-ден астам оқушы алғашқы кезеңге қатысады. Олимпиаданың алғашқы күнінде білім додасына Мамлют ауданының мектеп оқушылары қосылды. Ал республика бойынша биыл бірінші кезеңде 67 мыңнан астам бала бақ сынайды. Оның ішінде 10 мың оқушы жартылай финалға жолдама алады. 

Білім — болашаққа бастар жол, ал талапты жасқа берілген мүмкіндік — үлкен арманға жасалған алғашқы қадам. IQanat олимпиадасы ауыл мектептерінің сегізінші сынып оқушылары арасында өткізіледі. 

ӘКЕЖАН ҚАЖҒАЛИЕВ, МАМЛЮТ АУДАНЫ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жобаның басты мақсаты — ауыл балаларына тұрғылықты жері мен отбасының қаржылық жағдайына қарамастан, сапалы білім алуға мүмкіндік беру. Олимпиада тапсырмаларын орындауға қатысушыларға 80 минут уақыт беріледі.

ТИТР: ГҮЛДЕН МАРАТ, IQANAT ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ФИНАЛИСІ, МАМЛЮТ АУДАНЫ:

Олимпиада үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде сегізінші сынып оқушылары математикалық және оқу сауаттылығы, логикалық ойлау мен қазақ тілі бойынша тест тапсырады. Екінші кезеңде білімдерін тереңірек тексеретін пәндік тапсырмалар беріледі. Ал екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік 1000 оқушы финалға жолдама алып, шешуші кезеңде бақ сынайды.



Бөлісу