Петропавлда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Петропавлда Республика күніне орай «Дала дәмі» атты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Сауда алаңына өңірдің әр ауданынан тауар өндірушілер жиналып, өз өнімдерін ұсынды. Таңертеңнен бастап жәрмеңкеге келушілердің қарасы қалың болды. Тұрғындар азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Тақырыпты Қаршыға Әділханқызы тарқатады.
Жәрмеңке басталғаннан-ақ сауда орындарының маңына қала тұрғындары көптеп жиналды. Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов те қатысып, тауар өндірушілермен және тұрғындармен тілдесті. Сөрелерге ет, сүт өнімдері, ұн, жарма, жұмыртқа мен балық қойылды. Жәрмеңкеде жалпы көлемі мың тоннадан астам өнім сатылымға шығарылды.
СНХР: ДӘУРЕН ТОҚУЖИНОВ – СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Ақжар ауданынан келген Асқар Қабдрахманов жәрмеңкеге төрт тоннаға жуық ет әкелген. Кәсіпкер отбасылық шаруашылықты басқарып, асыл тұқымды ірі қара өсірумен айналысады. Айтуынша, сатып алушылардың ет өнімдеріне сұранысы жоғары.
СНХР: АСҚАР ҚАБДРАХМАНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, АҚЖАР АУДАНЫ:
Жәрмеңкеге келген тұрғындар өздеріне қажетті азық-түлікті сатып алып, өнімдердің сапасы мен бағасына қатысты пікірлерін білдірді. Сондай-ақ алдағы мереке қарсаңында жылы лебіздерін жеткізіп, көпшілікке ізгі тілектерін арнады.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында үш мың сегіз жүзге жуық шаруа және фермер қожалығы жұмыс істейді. Осындай жәрмеңкелер жергілікті өндірушілерге өнімін өткізуге, ал тұрғындарға азық-түлікті делдалсыз, қолайлы бағамен сатып алуға жол ашады. Сонымен қатар, мерекелік іс-шара аясында концерттік бағдарлама ұсынылды.