«Нұр бала» бөбекжайында күзгі кросс өтті
Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында Петропавл қаласындағы «Нұр бала» бөбекжайында мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің ата-аналарының қатысуымен дәстүрлі күзгі кросс өтті. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын ұстану, достықты нығайту, бірлік пен Отанға деген сүйіспеншілік құндылықтары төңірегінде ұжым мен тәрбиеленушілердің отбасыларын біріктіретін жыл сайынғы игі дәстүрге айналған. Қатысушылар жүгіру сайысына, және флешмобқа қатысты. Мерекелік көңіл күй, командалық рух пен қатысушылардың белсенділігі баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындады.
СНХР: СЕРҒАЗЫ БЕЙСЕМБАЕВ, АТА-АНА