Республика күніне орай бірқатар азамат марапатталды
Елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар солтүстікқазақстандық азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Республика күніне орай Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында салтанатты іс-шара өтті. Жиынға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, өңірдің өркендеуіне атсалысып жүрген азаматтарды құттықтап, құрмет көрсетті.
Мерекелік жиын басталмас бұрын өңір басшысы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында қанат жайған ерекше көрмені тамашалады. Мұнда Әбу Насыр әл-Фараби, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Ыбырай Алтынсарин, Сәбит Мұқанов пен Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлы тұлғалардың қолжазбалары қойылған. Олардың арасында авторлардың өз қолымен түзетулер енгізген құнды еңбектері де бар. Бұдан кейін салтанатты кеш басталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттау кешінде Тимирязев ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімі Төлеген Байдалин «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ол 25 жыл мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді, оның 20 жылын осы округтің дамуына арнаған. Еңбегі еленген азамат соңғы жылдардағы жетістіктерімен бөлісті.
СНХ: ТӨЛЕГЕН БАЙДАЛИН, КОМСОМОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ:
С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртісі Мақпал Серкебаева 16 жылдан бері сахнада жемісті еңбек етіп келеді. Өңірдің мәдени дамуына үлес қосып жүрген өнер иесі бүгін «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл оның көп жылғы шығармашылық еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет.
СНХ: МАҚПАЛ СЕРКЕБАЕВА, СӘБИТ МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:
Меркелік іс-шара барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан 30-дан астам солтүстікқазақстандық азаматтың еңбегі лайықты бағаланды. Марапаттау рәсімі мерекелік концертке ұласып, салтанатты кеш көтеріңкі көңіл күймен қорытындыланды.