25 қазан – Республика күні
Аудандық Мәдениет үйіне аяқ басқан адам бірден мереке лебін сезінеді. Оларды өнерпаздар керемет туындыларымен қарсы алды. Республика күніне орай көрме де қанат жайған. Мұнда таланттардың қолөнер жұмыстары мен жеткен жетістіктері ұсынылған. Барлығымен Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров қатысып шықты. Осы жерде тілектер кітабына жылы лебізін де қалдырды.
Алыстан көзге түсер көк туымыз ішке енгізілді. Бұл - мерекелік шараның басталғанының белгісі. Артынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны шырқалды.
Республика күні - алпыстағы қария да, алтыдағы бала да шаттанатын күн. Жиналған жұртты ұлттық мерекемен Мереке Мұхамедияров құттықтады.
МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, Есіл ауданының әкімі:
Есіл ауданы жылдан-жылдан көркейіп, дамып келеді. Бұл - бірлігі бекем басшылықтың, еңбекке құштар мамандар мен халықтың ортақ жемісі. Салтанатты шарада әртүрлі сала өкілдері облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Нұрмаш Рамазановтың кәсіпкерлік бөлімін басқарып жүргеніне екі жыл болған. Мерекеде оның төбесі көкке жетті.
НҰРМАШ РАМАЗАНОВ, Есіл ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
Марапат алып, ерекше құрметке бөленген жандардың саны отызға жуықтайды. Гүлмира Құсайынова мемлекеттік қызметте 23 жылдан бері аянбай еңбек етіп келеді. Мереке қарсаңында "Үздік еңбек адамы" республикалық байқауына қатысқан. Жеңімпаз атанып, төсбелгімен марапатталды.
ГҮЛМИРА ҚҰСАЙЫНОВА, Есіл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы:
Ақан сері атындағы облыстық филармония мен Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінен келген таланттар есілдіктерге ән-жырдан шашу шашты. Халық марқайып, шаттанып қалды. Бұл - еңселі егемендіктің тағы бір жемісі.