Негізгі Жаңалықтар Есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді

Есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 217 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам есірткі тәркіленген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды. Жиында есірткі қылмысына қарсы күрестің тоғыз айдағы нәтижелері мен жастар арасында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар сөз болды.

Есепті кезеңде өңірде есірткі сатудың 102 дерегі тіркелген. Сонымен қатар, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау бойынша 9 факт анықталып, 3 контрабанда дерегінің жолы кесілді. Жедел-іздестіру шаралары барысында Ақмола және Алматы облыстарында есірткі өндіретін екі жасырын зертхана жойылған. Заңсыз айналымнан 512 келі 800 грамм есірткі тәркіленді. Оның 9 келіге жуығы — синтетикалық есірткі.

СНХР: ЗАРИНА ПОПОВА– СҚО ПД ЕҚҚІҚБ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

 Есірткі саудагерлері заңсыз әрекеттерін интернет, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы да жүзеге асырады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері есірткі саудасын насихаттайтын және таратуға ықпал ететін ресурстарды анықтауға басымдық беріп отыр. Тоғыз айда осындай ресурстарға апаратын 1250 интернет-сілтеме бұғатталған. Сондай-ақ, «Антифрод» ақпараттық жүйесіне заңсыз әрекеттерде пайдаланылған банк карталары туралы 642 мәлімет жолданған. Оларға қатысты қаражат көлемі шамамен 4 миллион теңгені құрайды.

СНХР: НҰРИСЛАМ ІЛЕСОВ– ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЕҚҚБ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Құқық қорғау органдары есірткі қылмысының алдын алуға да ерекше назар аударады. Жыл басынан бері облыста мыңға жуық профилактикалық іс-шара ұйымдастырылған. 

Бөлісу