25 қазан – Республика күні
Петропавлда Республика күніне орай «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Republic Day» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Петропавл қаласы мен облыстың жеті ауданынан 24 кәсіпкер қатысты. Қаладағы сауда орталықтарының бірінде жергілікті өндірушілер өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
СНХР: ӘСЕЛ ҚҰНАНОВА – СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жәрмеңкеде өңірде өндірілген табиғи өнімдердің түр-түрі ұсынылды. Келушілер ет деликатестерін, шұжықтар мен сүрленген етті, ірімшіктерді, сүт пен йогурт сатып ала алды. Сондай-ақ сөрелерден кондитерлік өнімдер, үйде пісірілген тәттілер, бал және ара шаруашылығының өзге де өнімдерін табуға болады.
СНХР: ЛИЛИЯ ЩУЦКАЯ – ЖК ӨКІЛІ, Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАН:
Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдарына қызығатындар үшін де ерекше өнімдер ұсынылды. Олардың қатарында табиғи былғарыдан жасалған ат әбзелдері бар. «Осипов» жеке кәсіпкерлігінің өкілі Болат Қуанышбаевтың айтуынша, олар бұл бағытта 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын Астанада өткен алғашқы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына да қатысқан.
СНХР: БОЛАТ ҚУАНЫШБАЕВ – ЖК ӨКІЛІ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ:
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Republic Day» акциясының мақсаты – мерекелік көңіл күй сыйлап қана қоймай, жергілікті өндірушілерді қолдау және отандық брендтердің танымалдығын арттыру.