Негізгі Жаңалықтар 25 қазан – Республика күні

25 қазан – Республика күні

Республика күні Петропавлда қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрі - Тұсаукесер ұйымдастырылды. Ұлттық мерекеде 7 баланың аяғына ырымдап байланған ала жіп кесілді. Салтанатты шараға аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты. 

Дәстүрге берік, ырымшыл қазақ халқы тұсауды бұрыннан елдің алды болып жүрген азаматтарға кестірген. Бүгінгі шарада өңірімізге белгілі жерлестеріміз төбе көрсетті. Барлы кезек-кезек ортаға шығып, ала жіпті кесті, балаларға жүрекжарды тілектерін білдірді.

ТІЛЕК ӘДБІРАХМАНОВ, СҚО құрметті азаматы:

Балалардың арасынан міндетті түрде ел мерейін асыратын чемпион шығуы тиіс. Шараға XIV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов қатысты. 

ЕРБОЛ ХАМИТОВ, XIV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы:

Тұсаукесер рәсімі соңында бата берілді, балаларға сыйлықтар табысталды. Жиналғандар естелік суретке де түсті.


Бөлісу