Республика күніне орай 100-ге жуық оқушы өнер көрсетті
«Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра!». Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық өнерді ұлықтаған ауқымды іс-шаралар легі басталды. Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік думан қаламыздың сауда орталығында жалғасын тапты. Жыр мен күйдің қайнар бұлағына айналған шараның көздегені бабалар мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіру.
Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Шалқыма» ансамблі мен 8–12-сынып оқушылары өңір тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. 100-ге жуық домбырашы 10-нан астам күй орындап, жетігеннің сазын, қазақ әндері мен ұлттық билерді ұсынды.
СНХ: БӘЙІМБЕТ ҚҰБАЙДОЛЛА — «ШАЛҚЫМА» АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Оқушылар үшін мұндай концерт - сахнада өнер көрсетумен ғана шектелмейді. Бұл ұлттық мұраны сақтап, оны кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Флешмобқа қатысқан шәкірттер де жиынның мәдени маңызын ерекше бағалайды.
СНХ: БАТЫРХАН ҚАЛЕЛ — НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:
Назарбаев Зияткерлік мектебінде домбырашылар флешмобы 11 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл бастама ұлттық өнерді ұлықтап, жас ұрпақты ортақ мәдени құндылықтар төңірегіне біріктіріп отыр.