Корнеевка мен Pаградовкада ветеринариялық пункттер ашылды
Өңірімізде ветеринария саласын дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту және мамандардың жұмыс жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта, Республика күні қарсаңында Есіл ауданындағы Корнеевка мен Заградовка ауылдарында ветеринариялық пункттер ашылды. Нысандардың ашылу рәсіміне аудан әкімі Мереке Мұхамедияров қатысты. Бұл бекеттер ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызметті қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Толық ақпарат келесі сюжетте.
Корнеев ауылдық округі – Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жануарларының саны бойынша ірі округтердің бірі. Мұндағы жеке қосалқы шаруашылықтарда 723 бас ірі қара, 398 бас ұсақ мал, 302 шошқа және 729 жылқы бар. Осы орайда ашылған жаңа ветеринариялық ғимараттар заманауи талаптарға сай салынған.
СНХР: ВАДИМ КРАСНОЩЁК, ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Ветеринариялық мекемеде арнайы емшара кабинеттері қарастырылып, мамандардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Әр пунктте мал дәрігері мен жануарларды дауалау жұмыстарын жүргізетін оператор қызмет атқарады. Ауыл тұрғындары да жаңа ғимараттың ашылғанына қуанышты екенін айтты.
СНХР: СВЕТЛАНА МАКАРОВА, КОРНЕЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңа нысан аумағына 15-ке жуық қарағай көшеті отырғызылды. Игі іске аудан әкімі Мереке Мақсұтұлы, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Ветеринариялық пункт Заградовка ауылында да ашылды. Бұл округте де мал басының көптігіне байланысты бұл қызмет түріне сұраныс жоғары. Жаңа ғимарат мамандарға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ ветеринар дәрігерлерге арналған тынығу бөлмесі қарастырылған. Мұның бәрі мамандардың ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді.
ВАСИЛИЙ КУЗНЕЦОВ, МАЛ ДӘРІГЕРІ:
Есіл ауданында ветеринариялық қызметті дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. 2027 жылы жалпы құны 150 миллион теңгеге тағы бес ветеринариялық пункт салу жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы жануарларына сапалы ветеринариялық көмек көрсетуге және ауданда мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.