Негізгі Жаңалықтар Петропавлда үстел теннисінен ашық чемпионат өтті

Петропавлда үстел теннисінен ашық чемпионат өтті

Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы күніне арналған үстел теннисінен ашық чемпионат өтті. 15–18 қазан аралығында ұйымдастырылған жарысқа Қазақстанның бірнеше қаласы мен Ресейдің Омбы қаласынан 150-ден астам спортшы қатысты. Қатысушылар алты жас санаты бойынша бақ сынап, үздіктер жекелей және командалық есепте анықталды.

Чемпионатқа 18 жасқа дейінгі жас спортшылардан бастап, 70 жастан асқан ардагерлерге дейін қатысуға ниет еткен. Жарысқа Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан келген спортшылар да қатысты. Турнир қатысушыларға өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

аударма 6020 0:14

АНАСБЕК ЕРҒАЛИЕВ, ҚАТЫСУШЫ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ:

Петропавлда заманауи үстел теннисі орталығының ашылуы өңірде спорттың осы түрінің дамуына серпін берді. Соңғы екі жылда жаттығуға қатысушылардың саны артып, жас спортшылар республикалық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Соның нәтижесінде олардың спорттық көрсеткіштері де жақсарған.

РУСЛАН ҚОЖАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және Солтүстік Қазақстан облысының үстел теннисі федерациясы тағайындаған ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Бөлісу