Негізгі Жаңалықтар Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге арналған республикалық семинар

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге арналған республикалық семинар

Петропавлда «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» тақырыбында республикалық семинар өтті. Тілдерді оқыту орталығының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің әр өңірінен арнайы келген қонақтар қатысты. Басқосу барысында қатысушылар тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылап, тіл үйрету тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

Жиын барысында жасанды интеллект негізінде әзірленген жобалар таныстырылған көрме ұсынылды. Қатысушылар жаңа технологиялардың тіл үйрету үдерісіндегі мүмкіндіктерімен танысып, тәжірибе алмасты. Ал семинардың басты мақсаты – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қоғамдағы рөлін арттыру және тіл үйрету ісіне заманауи технологияларды енгізу.

ҚАЙЫРЖАН РАХЫМЖАНОВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ТІЛ САЯСАТЫ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

-Семинарға өңірдегі қызметкрелермен қатар, өзге өңірлердің басқарма басшыларының жауапты мамандары келіп отыр. Жалпы, күтілетін нәтиже тілді цифрландыру, тіл үйренуге байланысты айти жаңа өнімдер әзірлеп, оларды іске асыру. Тілді жасанды интеллектпен кіріктіре отырып, іске асыру деген сияқты өзекті мәселелерді әріптестерімізбен бірлесіп талқылайтын боламыз.

Семинарда қазақ тілін үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері мен оны меңгерудің заманауи жолдары туралы баяндамалар жасалды. Қатысушылар тіл оқыту тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерге назар аударды.

ЛАМБРИАН ТОПУЗОВ, «ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ МЕНЕДЖЕРІ, ТІЛ ЖАНАШЫРЫ:

Жиын барысында бірқатар мейман мен қатысушы облыс әкімінің орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты сәт семинардың мазмұнын толықтырып, мерейтой аясындағы маңызды кезеңдердің біріне айналды.

Бөлісу