Astana Media Week 2026: Медиа өзгеріс кезеңінде
Астанада үш күн бойы медиа саласының өкілдерін біріктірген «Astana Media Week 2026» апталығы өтті. Биылғы форумның негізгі тақырыбы — медиа, адам және жасанды интеллект. Бұл кездейсоқ таңдалған тақырып емес. Өйткені бүгінде ақпаратты тарату тәсілі ғана емес, оны дайындау, тексеру және көрерменге ұсыну жолдары да өзгеріп келеді. Форум аясында халықаралық сарапшылар, медиа басшылары мен технология саласының өкілдері бас қосып, журналистиканың жаңа кезеңін талқылады. Негізгі назар жасанды интеллектіні қолдану, ақпараттың шынайылығы және медиадағы жауапкершілік мәселелеріне аударылды.
Форумның алғашқы күніндегі маңызды тақырыптардың бірі — жасанды интеллектіні медиа саласында пайдалану болды. Технология журналистің жұмысын жеңілдетіп, ақпаратты өңдеуге көмектескенімен, барлық міндетті оның мойнына артып қоюға болмайды.
Ақпараттың дұрыстығын тексеру, дереккөзге сүйену, жалған мәліметтің таралуына жол бермеу — журналистің өз жауапкершілігінде. Сондықтан технологияның мүмкіндігін пайдалану мен кәсіби талаптарды сақтау қатар жүруі керек.
СНХР: Қанат Ысқақов - ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі:
Бағдарламада бұдан бөлек, халықаралық аудиторияға арналған контент дайындау, ағылшын тілінде ақпарат тарату және көптілді хабар жасауда жасанды интеллектіні қолдану мәселелері де қарастырылды.
СНХР: Ақерке Берлібай - форум модераторы:
Форумның екінші күнінде де медиа саласының болашағына қатысты өзекті тақырыптар назардан тыс қалған жоқ. Қатысушылар Қазақстанның ақпараттық саясаты, креативті индустрия, жарнама нарығының өзгеруі және цифрлық платформалардың ықпалы туралы пікір алмасты. Сондай-ақ деректерді талдау, жаңа технологияларды меңгеру және жеке медиа жобаларды дамытуға арналған шеберлік сағаттары өтті. Мұндай кездесулер мамандарға теориялық ақпарат алып қана қоймай, тәжірибеде қолдануға болатын тәсілдермен танысуға мүмкіндік береді.
СНХР: Заңғар Санай - Қостанай телеарнасының директоры:
СНХР: Айдар Алғазин - Қазтелерадио АҚ Астана филиалының директоры:
Жаңа технологиялар жұмысымызды жеңілдетуі мүмкін. Бірақ ақпараттың шынайылығына көз жеткізу, маңыздысын іріктеу және көрерменнің сенімін сақтау — журналистің басты міндеті болып қала береді. Сондықтан мұндай форумдар жаңа білім алып қана қоймай, өз жұмысыңа басқа қырынан қарауға да мүмкіндік береді.
СНХР: Бибігүл Бүкенбайқызы - медиасарапшы:
Форумның басты жаңалығы – биыл алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталуы. Байқауға 12 аталым бойынша барлығы 600-ден астам журналист өтінім берді. Ақтық кезеңге «Қазақстан» телерадиокорпорациясының үш жобасы өтті. Үздік радиожоба номанициясына Қазақ радиосының «Ойтұмар» бағдарламасы, Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама ретінде «112 Солтүстік» және Үздік телевизиялық материал аталымына «Қарқынды құрылыс» жобасы ұсынылған.
СНХР: Разия Ыдырысбаева –«Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ директоры: