«Мисс және Мистер волонтер – 2026» байқауы өтті
Облыс орталығында облыстық «Мисс және Мистер волонтер – 2026» байқауы өтті. Іс-шараға облыстың әр өңірінен келген еріктілер қатысып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Байқау волонтерлік қозғалысты дәріптеп, белсенді азаматтарды қолдауға бағытталған. Толық ақпаратты тілшіміз баяндайды.
Биылғы байқаудың финалына 15 қатысушы шықты. Олар Петропавл қаласы мен Ақжар, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардан келді. Қатысушылар арасында мектеп оқушылары, студенттер және жастар санатына жатпаса да, еріктілікпен айналысып жүрген азаматтар бар. Байқау үш кезеңнен тұрды.
Снхр: ДАЯНА БАЙМҰҚАНОВА, «ШТАБ JE SKO» ҚБ ТӨРАЙЫМЫ:
Әр қатысушының волонтерлікке келу жолы әртүрлі. Олар қарттарға көмектесіп, әлеуметтік іс-шараларға қатысып, қоғамға пайдасын тигізіп жүр. Ал бүгінгі байқауда еріктілер белсенділіктерімен қатар, шығармашылық қабілеттерін де көрсетті. Сайыс алдында қатысушылармен тілдесіп, волонтерлік қызметі мен дайындықтары туралы сұрадық.
ТИТР: АРТЕМ ЛИТВИНЕНКО, ҚАТЫСУШЫ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ:
ТИТР: МАЛИКА АСҚАРБЕК, ҚАТЫСУШЫ :
Байқау қорытындысы бойынша «Мисс волонтер – 2026» және «Мистер волонтер – 2026» атақтарының иегерлері, сондай-ақ бірінші және екінші вице-мисс пен вице-мистерлер анықталды. Байқау концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.