Негізгі Жаңалықтар Құтқарушылар күніне орай азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне арналған салтанатты форум өтті

Құтқарушылар күніне орай азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне арналған салтанатты форум өтті

Ел тыныштығы мен адам өмірін қорғау – үлкен жауапкершілік пен ерлікті талап ететін қызмет. Қиын сәтте көмекке келіп, өзгенің өмірі үшін тәуекелге баратын құтқарушылардың еңбегі қашанда құрметке лайық. 19 қазан – Құтқарушылар күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысында азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне арналған форум өтті. Басты мақсат – сала ардагерлерінің еңбегін ұлықтап, кейінгі буынға өнеге көрсету. Толығырақ әріптесім Әсем Әкімқызының материалында. 

Форум №5 өрт сөндіру бөлімінде ұйымдастырылды. Алдымен қатысушылар заманауи өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларымен танысты. Сондай-ақ бұрын қолданылған техникалар да көрсетілді. Салтанатты рәсімнен кейін қатысушылар қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушыларды еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Олардың ерлігі мен батылдығы – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Форумның ресми бөлімінде азаматтық қорғау саласының дамуына үлес қосқан ардагерлер мен қызметкерлер марапатталды. Сонымен қатар қатысушылар ашық диалог құрып, қызмет жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Тәжірибелі мамандар жас қызметкерлерге ақыл-кеңесін айтып, мамандықтың жауапкершілігі мен маңызын жеткізді.

ЕРІК МӘЖИТОВ, СҚО АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Кездесудің тағы бір маңызды сәті – «Болашақ құтқарушыларға жолдау» атты уақыт капсуласын салу рәсімі. Оған ардагерлер мен қазіргі қызметкерлердің тілектері, жас буынға арналған өсиеттері және форумға қатысушылар қол қойған естелік парақ енгізілді. Азаматтық қорғау саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер үшін бұл форумның маңызы зор. Солтүстік Қазақстан облысында өткен кездесуде олар бұрынғы әріптестерімен қауышып, естеліктерімен бөлісті. Сала ардагерлерінің бірі Жомарт Оразалин еңбек жолын 1997 жылы өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып бастаған. Бүгінде зейнет демалысындағы ардагер бұрынғы әріптестерімен жүздесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. 

СНХР: ЖОМАРТ ОРАЗАЛИН, ЗЕЙНЕТКЕР:

Кездесу барысында 23 жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады. Солардың бірі – Гүлназ ҚоспановА. Ол №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінде радиотелефонист болып қызмет етеді. Әскери қызметке келгеніне бір ай ғана болса да, жаңа ортаға бейімделіп, жауапты міндеттерді меңгеріп жүр.

ГҮЛНАЗ ҚОСПАНОВА, №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ РАДИОТЕЛЕФОНИСІ:

Форум соңында қатысушылар өрт сөндіру бөлімін аралап, оның тыныс-тіршілігімен танысты. Бір күнге жалғасқан кездесу әр буынның басын қосып, ортақ мақсат жолында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.


Бөлісу