Негізгі Жаңалықтар Өңірдегі криминогендік ахуалды жақсарту бойынша студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Өңірдегі криминогендік ахуалды жақсарту бойынша студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасымен бірлесіп, өңірдегі криминогендік ахуалды жақсарту жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен ведомствоаралық профилактикалық кездесу өткізді.

 Кездесудің мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Маңызды бағыттардың бірі – жастар арасындағы бұзақылықтың алдын алу. Кейбір жастар өздерін қорғау үшін пышақ алып жүруге болады деп қате ойлайды. Алайда жанжал кезінде шаншып-кесетін заттарды қолдану ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін. СҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Қанат Оспанов суық қарудың түрлері мен өзін-өзі қорғаудың заңды тәсілдері туралы айтып берді.

Полицейлер студенттерге бұзақылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіріп, жанжалдан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияға, ата-аналарға немесе педагогтерге жүгіну әлдеқайда сенімді әрі қауіпсіз жол екенін еске салды. Дағдарысты жағдайлардан қауіпсіз шығу жолдары туралы кездесуге қатысқан СҚО Жастар денсаулығы орталығының психологтары да түсіндірді.

СНХР: Айнагүл Саутбекова — СҚО ПД профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының инспекторы:

Тоғыз айда облыста жасөспірімдер жасаған 30 қылмыс тіркелді. Құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.


Бөлісу