Негізгі Жаңалықтар Тәжірибе алмасу алаңы

Тәжірибе алмасу алаңы

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының өңірлік филиалдарында еңбек ететін журналистер елордада бас қосты. Кездесудің мақсаты – әріптестердің тәжірибе алмасып, телевизия өндірісінің қыр-сырын жақынырақ тануына мүмкіндік жасау. Осы орайда қатысушылар «Қазмедиа» орталығында болып, «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жаңалықтар мен бағдарламалардың дайындалу барысын көріп, редакция жұмысымен танысты.

Тәжірибе алмасу барысында қатысушылар редакция жұмысымен танысып, мұндағы жаңалықтар шығарылымдарының қалай дайындалатынын және журналистер мен техникалық мамандардың өзара қалай жұмыс істейтінін көрді. Монтаж бөлмелері мен аппараттық студияларды аралап, дыбыс режиссерлерінің жұмысын бақылады. Сондай-ақ жаңалықтар мен түрлі телебағдарламалар түсірілетін павильондарды көрді.

СНХР: БЕЙНЕГҮЛ АБАУОВА — «Qazaqstan» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Басқосу өңірлік филиалдардың мамандарына елордалық әріптестерінің жұмыс тәжірибесін зерделеп, өзара пікір алмасуға жол ашты. Әсіресе, эфирдің техникалық жағы қатысушылардың назарын аударды. Көрерменге күн сайын ұсынылатын әр сюжет пен бағдарламаның артында қаншама маманның еңбегі мен күрделі техникалық жұмыс тұрғанына көз жеткізді. Мұндай кездесулер жаңа мүмкіндіктерді меңгеріп қана қоймай, ортақ мәселелерді талқылап, кәсіби байланысты нығайтуға да септігін тигізеді.

СНХР: ГҮЛІМ ҚАЖЫМҚЫЗЫ — «QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ:

СНХР: ГҮЛФАЙРУЗ ПІРМАҒАНБЕТОВА — «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ:

Кәсіби кездесудің берері мол. Журналистер жаңа тәжірибе жинақтап, жұмыс тәсілдерін жетілдіруге және әріптестерімен тәжірибе бөлісуге мүмкіндік алды. Өйткені телевизиядағы сапалы өнім – бір адамның емес, ортақ мақсат жолында жұмылған тұтас ұжымның еңбегі. Ал саладағы ізденіс пен үздіксіз даму көрерменге ұсынылатын ақпараттың сапасын арттыруға негіз болады.


Бөлісу