Негізгі Жаңалықтар СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны 10,2 пайызға өсті

СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны 10,2 пайызға өсті

Солтүстік Қазақстан облысында ЖРВИ жұқтырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға артты. Эпидемиялық маусым басталғалы өңірде 3 мыңнан астам жағдай тіркелген. Ал тұмау әзірге анықталған жоқ. Мамандар аурудың алдын алу үшін вакцина алуға кеңес береді.

Биылғы эпидемиялық маусым 1 қазанда басталды. Содан бері облыста ЖРВИ-дің 3356 жағдайы тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 3043 болған. Ал тұмауға қарсы екпе салу науқаны 6 қазанда басталды. Тәуекел тобына жататын тұрғындарға арналған ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынған. Қазірдің өзінде 6675 адам екпе алған. Вакцинация тіркелген жері бойынша емханада тегін жүргізіледі.

СНХР: ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ – СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Бөлісу