Негізгі Жаңалықтар «Дала тынысы» фотобайқауының қорытындысы

«Дала тынысы» фотобайқауының қорытындысы

Фотосуреттер арқылы туған өлкенің әсемдігін көрсету. Бұл "Дала тынысы" фотобайқауын ұйымдастырушылардың алдына қойған негізгі міндеттердің бірі. С. Мұқанова атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы, Makerspace American Corner ұйымының қолдауымен Солтүстік Қазақстанның бердвотчерлер Клубы ұйымдастырған фото жұмыстардың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. 

Лилия Ветердің мамандығы мұғалім. Ол Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Целинное ауылындағы мектепте география пәнінен сабақ береді. Фотобайқау қорытындысы бойынша оның еңбектері үш номинация бойынша үздік деп танылды. Ол бұл іспен өзі ғана әуестеніп қоймай, туған өлкенің әсемдігін смартфон арқылы суретке түсіруге өз оқушыларын да баулып жүр. 

СНХ: ЛИЛИЯ ВЕТЕР – ФОТОБАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ 

«СҚО бердвотчерлер клубының» жетекшісі Михаил Калашников,- байқауда өңір табиғатының әсемдігін әуесқой жандардың фотосуреттері арқылы көрсеткіміз келді,-дейді. Сондықтан сайысқа қатысушылардың жұмыстары «Дала қанаттары», «Жабайы өмір», «Дала кеңістігі», «Смартфон арқылы көзқарас» төрт номинация бойынша қабылданған. Ал «Көрермен көзайымы» сыйлығының иегері бөлек анықталды - оның жеңімпазы әлеуметтік желілердегі аудиторияның белсенділігі бойынша таңдалған.

СНХ: МИХАИЛ КАЛАШНИКОВ - «СҚО БЕРДВОТЧЕРЛЕР КЛУБЫ» ЖЕТЕКШІСІ 

Фотобайдаудың серіктестері қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығымен MakerSpace American Corner ұйымы.

СНХ: СВЯТОСЛАВ ЛЕНГАРД – «MAKER SPACE AMERICAN CORNER» ҮЙЛЕСТІРУШІСІ 

Қазіргі күні Солтүстік Қазақстан бердвотчерлер клубында 50-ге жуық адам бар. Ал құстарды бақылау-бүкіл әлемде қарқынды дамып келе жатқан экотуризм мен «Азаматтық ғылымның» бірегей бағыты. Ал біздің еліміз болса Еуразиядағы құстардың миграциялық жолдарының қиылысында орналасқан. Халықаралық сарапшылар Қазақстанды «орнитологтардың Меккесі» деп айтуларының да себебі осы. Бүгінде бұл бағыт жергілікті тұрғындар арасында әуесқойлыққа айналуда. Өңіріміздің табиғаты құстардың биоәртүрлілігіне бай. Тек біздің облысымызда олардың 300 ге жуық түрі мекендейді.


Бөлісу