Конституция – құқық пен бостандық кепілі
Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын маңызды құжат. Ол мемлекеттік басқару жүйесін айқындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың негізгі қағидаларын белгілейді.
Негізгі заңның маңызы оның тек қағаз жүзінде қалмай, күнделікті өмірде де орындалуымен өлшенеді. Заң талаптарын сақтау – қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі. Ал әр азаматтың өз құқығы мен міндетін білуі құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
СНХР: РАЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ