Негізгі Жаңалықтар Петропавлда бос тұрған гараждың иесі анықталды

Петропавлда бос тұрған гараждың иесі анықталды

Полицейлер Петропавлда мемлекеттік жер учаскесінде орналасқан, бос тұрған гараждың иесін анықтады. Толығырақ облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалында.

Бостандық көшесіндегі гараждың маңына үнемі қоқыс жиналатынын қоғам белсендісі Мәлік Шигабутдинов үш жыл бұрын анықтаған. Петропавл қаласының әкімдігінен полицияға гараж иесін анықтау туралы өтініш түскен. Белгілі болғандай, гараж иесі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған. 

СНХР: Мәлік Шигабутдинов — қоғам белсендісі  

Полицейлер жағдайды бақылауда ұстап, гараж иесімен кездесті. Әйелге гаражды үш күн ішінде алып тастау қажеттігі туралы хабарлама берілді.  

СНХР: Қанат Жұмабаев — Петропавл қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығының орынбасары 

Полицейлер гараж иелеріне олардың заңды түрде орнатылғанын тексеру қажеттігін ескертеді. Заңсыз орнатылған гараждарды алып тастау жұмыстары да «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында абаттандыру ережелерін бұзудың 12 500-ден астам дерегі анықталды.    

Бөлісу