Қытай технологиясы: жүгері өсірудің жаңа тәсілі
Солтүстік Қазақстан облысында жүгері өсірудің жаңа технологиясы сынақтан өтуде. Уәлиханов ауданындағы Құндыбай ауылының маңында мамандар үш түрлі тұқымды пайдаланып, олардың өнімділігін салыстырып жатыр. Тәжірибенің мақсаты — өңірдің климаттық жағдайына бейімделген тиімді технологияны анықтау.
Тәжірибе алаңында жүгері егу жұмыстары биыл 12-18 мамыр аралығында жүргізілді. Мұнда Қытайдың Taihua компаниясы мен Солтүстік-Шығыс Қытайдағы селекциялық компаниялардың бірі бірлесіп шығарған THZB-2200 гибриді егілген. Аталған гибрид солтүстік аймақтардың қатал климаты мен төмен температурасына арнайы бейімделген. Мамандар оның суыққа және құрғақшылыққа төзімді екенін айтады. Тәжірибе барысында үш түрлі тұқым пайдаланылып, олардың өнімділігі салыстырылды.
СНХР: ЯН ЦИНХАЙ, «TAIHUA» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Алғашқы нәтиже бойынша әр гектардан орта есеппен 5 тонна өнім алынған. Мамандар бұл көрсеткішті алдағы уақытта арттыруды көздеп отыр. Жобаға қатысушылардың айтуынша, тәжірибе нәтижелері келесі жылғы егіс науқанын жоспарлауға негіз болады.
СНХР: МАКСИМ ВАН, «XINJIANG XINYAN MOSHINE» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ
Келесі жылы тәжірибе ауқымын кеңейту жоспарланып отыр. Егіс көлемін 1400 гектарға дейін жеткізіп, әр гектардан 8 тоннаға дейін өнім алу көзделген. Сонымен қатар мамандар өнімділікті арттыруға бағытталған жаңа технологияларды сынап көрмек. Маусым қорытындысы бойынша тұқымдардың тиімділігі мен өсіру тәсілдері салыстырылып, келесі жылғы жұмыс жоспары нақтыланады.