Астана келесі Дубай немесе Сингапур болу әлеуеті жоғары
Астана әлемдік жетекші технологиялық орталықтардың біріне айналуы мүмкін. Американдық IT-стратег әрі Coinbase компаниясының бұрынғы техникалық директоры Баладжи Сринивасан осындай пікір білдірді. Сингапурда өткен The Network State Conference 2026 халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде ол Қазақстан астанасының тазалығы мен әсемдігін атап өтіп, инвесторларды Alatau City жобасына назар аударуға шақырды. Шараға 3,5 мыңға жуық қатысушы, соның ішінде әлемдік криптоиндустрияның жетекші өкілдері жиналды.