Негізгі Жаңалықтар СҚО-да жасөспірімдер арасында қылмыс көбейді

СҚО-да жасөспірімдер арасында қылмыс көбейді

Жыл басынан облысымызла 73 кәмелетке толмағандар қылмыстың құрбаны болды. Одан бөлек жасөспірімдердің өздері тағы 26 қылмыс жасаған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 37% - ға артық. Мәселенің одан әрі өрбуіне жол бермеу тұрғысында ата-аналар не істей алады деген сауал туындары анық. Сұрақтың жауабы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында облыстық ата-аналар жиналысында қарастырылды.

Қоғам үшін өзекті мәселелердің біріне айналып отырған бұл сұрақтың шешімін қарастыруға арналған алқалы жиын 300-ге жуық ата-ана қатысты. Ал шалғай аудандар оған бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды. Тақырыпты талқылау мен оның шешу жолдарын заң тұрғысынан бағамдауда прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, психологтар мен қоғам белсенділері де қатысты. Міндет-проблеманың құқық бұзушылыққа әкелуін күту емес, оның алдын алу. Осы төңіректе өрбіген әңгіме ауанына бас-аяғы 1,5 мыңнан астам адам жұмылдырылды.

СНХ: ДӘУРЕН ЕРЖАНОВ-СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Статистикалық көрсеткіш көңіл көншітпейді. Бір жыл ішінде өңірімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыстар саны 19-дан 26-ға дейін яғни 36,8% - ға өскен. 20 жағдайда колледждер мен жоғары оқу орындары, тағы алтауында мектеп оқушыларының қатысты бар. Ең жиі кездесетін қылмыстар ол есірткі, алаяқтық, бұзақылық пен ұрлық. Сондай-ақ заңсыз әрекеттерден зардап шеккен кәмелетке толмағандар саны да артып отыр. Өткен жылы ондай фактілердің 56-сы анықталға биылғы көрсеткіш 73-ті құрап отыр. Жыныстық мәселелерге қатысты деректер 9-дан 23-ке жеткен. Балалар арасындағы әлімжеттік яғни буллингке байланысты былтырғы оқу жылында 10 ата-ана жауапқа тартылыпты.

СНХР: ГҮЛАЙЫМ ПОНОМАРЕВА -Петропавл қалалық №4 орта мектебінің қамқоршылық кеңесі төрайымы

Жиында сондай-ақ жасөспірімдердің психологиялық жағдайы, алкоголь мен есірткіні қолдану, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жағдайларына да ерекше назар аударылды. Өңірімізде бір жыл ішінде балалардың қатысуымен болған жол көлік оқиғаларында төрт бала қаза тауып, тағы 103 бала жарақат алған. Балалардың мінез құлықтарының өзгеруін алдын ала аңғаруға болады. Ол үшін ата-аналар мен ұстаздар, мектеп психологтары тығыз байланыста жұмыс істеулері қажет. Сонда ғана алқалы отырысқа арқау болған мәселенің түйіні шешіледі. Жиын қорытындысы да осы.


Бөлісу