Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушыларына арналған ас мәзірі жаңартылды. Бүгінде өңірдегі 439 мектепте 73 мыңнан астам бала білім алады. Оның ішінде 17 мектеп-интернатта бес мезгіл, ал 422 білім беру ұйымында бір реттік ыстық тамақ ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда 399 мектепте оқушыларды тамақтандыру «Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы жүзеге асырылады. Солардың бірі – Петропавл қаласындағы №29 жалпы білім беретін мектеп. Мұнда жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал санаттағы балалар ыстық тамақпен қамтылған.
РАХИЯ ҚОЖАНОВА, №29 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Жаңартылған мәзірде маусымдық ерекшеліктер де ескерілген. Балалар асны дәруменге бай көкөністер мен жемістер, түрлі салаттар енгізілген. Сонымен қатар оқушылардың сұранысы да назарға алынған. Мәзірге балалар жақсы көретін пісірмелер қосылды. Ал олардың асханадағы жаңа тағамдарға деген көзқарасын өздерінен сұрап көрдік.
Жаңа мәзірді қалыптастыруда оқушылардың талғамы да ескерілген. Өткен оқу жылында тағамдардың желінбей қалу көрсеткішіне талдау жүргізіліп, балалардың кейбір ас түрлерін толық тұтынбайтыны анықталды. Осы зерттеу нәтижелері жаңа оқу жылына арналған мәзірді қайта қарау кезінде негізге алынды.
АЙГЕРІМ ІРГЕБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Қазіргі таңда мектепте 834 бала білім алуда. Сондай-ақ, мұндағы асхана жұмысы да тұрақты бақылауда. Арнайы бракераж комиссиясы дайын тағамның сапасын, калориялық құндылығын және санитарлық талаптарға сәйкестігін қадағалап отырады.