Негізгі Жаңалықтар М. Жұмабаев ауданында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр

М. Жұмабаев ауданында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Заманауи техниканың арқасында ауыл еңбеккерлерінің жұмысы жеңілдеп, еңбек жағдайы түбегейлі өзгеруде. Осының айқын көрінісі - Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Қызылжар МТС Агро» серіктестігі техника паркін түгел жаңартып, бүгінде 90-ға жуық тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Еңбек пен техника қатар өркендеген шаруашылықта егін жинау науқаны қалай өтіп жатыр? 

Әбілхан Айтулин ауыл шаруашылығы саласында қырық екі жылдан бері еңбек етіп келеді. Жастайынан таңдаған мамандығына адал механизатор заман талабына сай өзгерген техниканың мүмкіндіктеріне тәнті. Қазіргі заманауи комбайндардың кабинасы аса жайлы, ал басқару жүйесі толық автоматтандырылған. Өнімнің ылғалдылығы мен көлемін дәл көрсететін бұл техниканың арқасында диқандар өнімді шашау шығармай жылдам жинап алуды көздеп отыр.

СНХР: ӘБІЛХАН АЙТУЛИН – ЖШС МЕХАНИЗАТОРЫ

«Қызылжар МТС Агро» серіктестігі биыл тоғыз мың гектарға жуық алқапқа дәнді, майлы және мал азығы дақылдарын еккен. Қазір егін жинау науқаны қызған шағында, алқаптың отыз пайызы орылып үлгерді. Одан бөлек, шаруашылық мал азығын даярлауды да қатар жүргізуде. Бүгіннің өзінде алты мың тоннадай сүрлем дайындалған. Осындай ауқымды жұмыстардың уақытында атқарылуына мемлекеттік қолдаудың тигізген септігі орасан зор.

СНХР: НӘБИ ҚАБИЕВ – ЖШС БАСШЫСЫ

Бүгінде бұл шаруашылықта тоқсанға жуық адам тұрақты еңбек етуде. Техника үздіксіз жаңарып, еңбек жағдайы жақсарған сайын ауылдағы тұрақтылық пен береке де нығая түспек. 

Бөлісу