Жоғары аудиторлық палатаға – 30 жыл, тексеру комиссиясына – 15 жыл
Қазақстандағы сыртқы мемлекеттік аудит жүйесі биыл қос мерейтойды атап өтуде. Жоғары аудиторлық палатаға – 30 жыл, ал өңірлердегі Тексеру комиссияларының құрылғанына 15 жыл толды. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысында салтанатты іс-шара өтіп, бірқатар сала маманы мен ардагерлері марапатқа бөленді.
Сыртқы мемлекеттік аудит жүйесінің қалыптасу тарихы үш онжылдықты қамтиды. Ал 2011 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен облыстарда Тексеру комиссиялары құрылды. Содан бері олардың негізгі міндеті – бюджет қаражатының тиімді әрі заңды жұмсалуын бақылау және мемлекеттік активтердің пайдаланылуына аудит жүргізу.
НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Салтанатты жиында сала қызметкерлері мен ардагерлерінің еңбегі атап өтілді. Бірқатар маман «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясына 15 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Сондай-ақ үздік қызметкерлерге Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің атынан Құрмет грамоталары табысталды. Марапатталғандардың қатарында Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Әсел Әбдірахманова да бар. Ол мемлекеттік аудит жүйесінде 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
СНХР: ӘСЕЛ ӘБДІРАХМАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Мерейтойлық іс-шараға осы саланың ардагерлері де арнайы шақырылды. Солардың бірі – Амандық Сейфуллин. Ол бақылау-тексеру жүйесінде 1981 жылдан бері еңбек етіп, мемлекеттік қаржылық бақылау саласында түрлі қызметтер атқарған. Ардагердің жалпы еңбек өтілі 45 жылдан асады.
СНХР: АМАНДЫҚ СЕЙФУЛЛИН, САЛА АРДАГЕРІ
Мерейтой аясында тексеру комиссияның бастамасымен волейболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды. Оған өңірдегі тексеру комиссиялары мен қаржылық бағыттағы ұйымдардың қызметкерлерінен құралған командалар қатысты. Бүгін жарыстың қорытындысы шығарылып, үздік ойын көрсеткен командалар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен марапаттар табысталды.