Негізгі Жаңалықтар Жастар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған іс-шара өтті

Жастар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған іс-шара өтті

Петропавлда жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алуға бағытталған интерактивті қарым-қатынас сағаты өтті. Іс-шара барысында жастар буллингтің түрлері, оның себептері және қиын жағдайға тап болған адамға қалай қолдау көрсету керектігін талқылады.

Буллинг – тек физикалық күш көрсету емес. Ол сөзбен кемсіту, мазақтау, әдейі оқшаулау немесе әлеуметтік желілер арқылы қысым көрсету түрінде де болуы мүмкін. Сондықтан жасөспірімдерге мұндай әрекеттерді дер кезінде танып, оған дұрыс жауап берудің маңызы түсіндірілді.

СНХР: ОЛЬГА ДУМА, Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ

Кездесу барысында қатысушылар «Құрмет аумағы» интерактивіне қатысып, түрлі жағдаяттарды талдады. Шағын-ойындар мен пікірталастар арқылы жастар буллингке тап болған кезде не істеу керегін және куәгер ретінде қалай әрекет етуге болатынын талқылады.

СНХР: АНУАР БЕРДАҒҰЛОВ, №4 МЕКТЕПТІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Мамандардың айтуынша, буллингтің алдын алуда тек мұғалімдер мен ата-аналардың емес, оқушылардың да жауапкершілігі маңызды. Өзара құрмет пен қолдау қалыптасқан ортада кез келген жанжалдың алдын алуға мүмкіндік бар.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар