Электрлі самокат жүргізушілеріне талап күшейді
Петропавлда полицейлер электросамокаттарға қатысты жаңа ережелерді түсіндіріп жатыр. Электрлі самокат тізгіндегендер енді жаяу жүргіншілер жолымен емін-еркін жүре алмайды. 25 тамыздан бастап Қазақстанда жеке мобильділік құралдарына қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Енді электросамокат жүргізушілері жол қозғалысы ережесін қатаң сақтап, бірқатар талаптарды орындауға міндетті.
25 тамыздан бастап Қазақстанда электросамокаттарды пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Енді оларға жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруге тыйым салынады.
Аягөз Есмағамбетова — СҚО ПД аға инспекторы
Полиция қызметкерлері профилактикалық рейд өткізді. Полицейлер жаңа талаптардың сақталуын тексеріп, электрлі самокат жүргізушілеріне қауіпсіз қозғалу ережелерін түсіндірді. Рейд барысында төрт құқық бұзушылық анықталды. Үш жағдайда жүргізушілер электрлі самокатты жүргізуші куәлігінсіз басқарған, тағы бір жағдайда қорғаныш дулығасыз жүрген.
Солтүстік Қазақстан облысында жеті айда электрлі самокаттың қатысуымен бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан бір адам жарақат алған.
СНХР: Аягөз Есмағамбетова — СҚО ПД аға инспекторы
Полиция электрлі самокат жүргізушілерін белгіленген ережелерді сақтауға және қозғалыстың басқа да қатысушыларының мүддесін ескеруге шақырады. Жаңа талаптардың басты мақсаты — көшелерді қауіпсіз ету, жарақаттар мен жол-көлік оқиғаларына жол бермеу.