Жамбыл ауданында жиын-терім жұмыстары қыза түсті
Жамбыл ауданының диқандары егін жинау науқанына белсене кірісті. «Ақ-Жер» ЖШС биыл 14 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, енді міне өнімді ысырапсыз жинап алуға кіріскен.
Серіктестіктегі 14 мың гектардың 7 мыңын бидай, 3 мыңнан астамын күнбағыс және дәл сонша көлемде рапс құрайды. Диқандар бидайды бастырып, әр гектарынан 28 центнерден өнім алды, оның 80 пайызы 3-ші сұрыпты сапаға ие. Бүгінгі таңда аграршылар рапсты бастыруға кірісті. Әзірге көрсеткіш шамамен 2 тоннаны құрап, өнімнің 20 пайызы жиналды. Бидай алқаптары толығымен орылып, тазартылды және элеваторлар мен жеке қоймаларға сақтауға шығарылды.
АЛЕКСАНДР ХИТРОВ «АҚ-ЖЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ