Негізгі Жаңалықтар Балалар қауіпсіздігі - ортақ жауапкершілігіміз

Балалар қауіпсіздігі - ортақ жауапкершілігіміз

Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 60 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 бала мерт болды. Жаңа оқу жылы қарсаңында өңір полицейлері білім беру ұйымдарына жақын аумақтағы жол инфрақұрылымына тексеру жүргізуде. Мектептер мен балабақшалар маңындағы жол қауіпсіздігі – Солтүстік Қазақстан облысы полициясының басты назарында. 

 «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында әкімшілік полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарына жақын аумақтағы жол инфрақұрылымына тексеру жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 60-қа жуық нұсқама берілді.

СНХР: Ғабит Әшкенов – СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы  

«Арай» балабақшасының маңында жол таңбаларын жаңарту қажет болған. Тиісті жұмыстар жүргізілді. Жол белгілері мен жасанды жол кедергілері орнатылды. Ал балабақшаның өзінде балаларға жолды дұрыс кесіп өту тәртібін үйрету үшін бағдаршам макеті қойылды.

СНХР: Ғабит Әшкенов – СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы

Тәртіп сақшылары бүлдіршіндерге сабақ өткізіп, көшеде қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін түсіндірді. Балалардың қуанышына орай оларға патрульдік көліктер көрсетіліп, полиция сиренасы мен дауыс зорайтқышты пайдаланып көруге мүмкіндік берілді.

Қауіпсіздік жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жедел медициналық жәрдем қызметкерлері де жүргізді. «Балаларға назар аударыңыз!» іс-шарасының екі аптасында ғана полицейлер 140-тан астам түрлі профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 60 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 4 бала мерт болып, тағы 90-ы жарақат алды. Зардап шеккендердің 23-і – 7 жасқа дейінгі балалар. Полицейлер жол-көлік оқиғаларының санын азайту бағытында кешенді жұмыс жүргізуде: жол инфрақұрылымын тексеру, рейдтер ұйымдастыру және түсіндіру кездесулерін өткізуде. Мақсат – жолдағы қауіп-қатерді азайтып, қайғылы жағдайлардың алдын алу. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар