Тұтынушы құқығы - заң қорғауында
Өңірде тұтынушылардың құқығын бұзу деректері азаяр емес. Азаматтар көбіне сапасыз тауар, дұрыс берілмейтін ақпарат пен интернет-алаяқтық жиі кездесетінін айтады. Мамандардың айтуынша, сатушының «Тауар қайтарылмайды» деген сөзі заңға қайшы. Мәселені заңды жолмен қалай шешуге болады?
Бұзылған құқықты қорғаудың басты құралы Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы. Оған сәйкес, кез келген азамат сапалы тауар алуға, оны 14 күн ішінде айырбастауға немесе ақшасын қайтаруға толық құқылы. Тіпті дүкендегі немесе интернеттегі «қайтару жоқ» деген хабарландырулар заңды күшке ие емес.
Снх: ҒАЛЫМЖАН ИЛЬЯСОВ, СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінде көптеген қазақстандықтар тауарларды маркетплейстер, интернет-дүкендердің сайттары және әлеуметтік желілер арқылы сатып алады. Бұл ретте кейбір сатушылар «Біз Instagram арқылы сатамыз, сондықтан тауарды қайтарудың өз ережелері бар», немесе «Бұл маркетплейс, тек соларға хабарласыңыз» деп айтуы мүмкін. Алайда тауарды сату тәсілінің өзі тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың қолданылуын жоймайды.
Снх: ҒАЛЫМЖАН ИЛЬЯСОВ, СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Мамандар ең бастысы уақыт созбай, барлық дәлелдерді жинап, сатушымен қарым-қатынасты тек жазбаша түрде жүргізуге кеңес береді. Себебі заң тұтынушы көмек сұрағанда ғана емес, құқық бұзушылықтың алдын алу құралы ретінде де жұмыс істеуі тиіс.